
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік- әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобасы «Көркем тіл-көрікті жарнама» акциясы Мәртөк ауданынан бастау алды.
Акцияға:
“Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі”ММ бас маманы Мыңжанов Қайрат Сапарұлы,қоғам белсендісі Умербаев Нұрсұлтан, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Изтлеуова Гульбану Бисеновна, қазақ тілі қоғамының мүшесі Нартаева Казина Жаксылыковна және “JasAqtobe2022” қоғамдық қорының өкілі Базарбай Әсел қатысты.
Жұмыс тобы аудандағы кәсіпкерлік нысандардың көрнекі ақпарат мәтіндерінің мемлекеттік тілде жариялануына сараптама жүргізді. Нәтижесінде 20 кәсіпкерлік нысан араланып, бұзушылықтар анықталған кәсіп иелеріне ескерту жасалды.10 кәсіпкерлік нысанның көрнекі ақпарат құралдары заң талаптарына сәйкес болды, 3 кәсіпорында ілінген қате жарнамалар алып тасталынды, 7 кәсіп орын иелері өздерінен анықталған қателіктерді1 ай уақыт ішінде өзгеретіліп,талапқа сәйкестендіріп қайта ілетінін жеткізді. Аякция аясындағы жұмыс топтары келесі түсіндіру жұмыстарын Хромтау ауданында жүргізетін болады.