Бірінші сәуір туралы...

Бірінші сәуір туралы...

«Туған ай – туралған етпен тең» дегендей, көктемнің алғашқы айы наурыз да аяқталып, сәуір немесе қазақша көкек айының бір жаңасы кірді. Григориан күнтізбесіндегі жылдың тоқсан бірінші күні, яғни екінші тоқсанның бірінші күні. Сәуір – көктем мезгілінің толықтай басымдыққа ие болатын айы.

Сәуірде көтерілер рақмет туы,

Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.

Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп,

Жайылар жер жүзіне қардың суы..., -

деп Ыбырай Алтынсарин жырлаған, таңертеңгі қатқағы мен, түстен кейінгі батпағына байланысты, «түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз» делінетін сәуір – осы. Ақиық Мұқағалидың сәуір айы туралы белгілі өлеңіндегі мына жолдарға қарап, айдың басы соншалықты жайлы бола қоймайтыны да аңғарылғандай. Қазақ даласының күн жылуына ерте шомылатын аймақтары болмаса, өзге өңірлерде қардың көбесі енді ғана сөгіле бастайтын мезгіл.

Сабылып келді міне, сәуір айы,

Сәуір айы – қазақтың тәуір айы.

Жылайды да тұрады жылаңқы бұлт,

Бара жатыр не болып ауа райы?!

Сәуір айы да аманшылық болса, көзді ашып-жұмғанша құмсағаттың құмындай сусып аяқталар. Сәуір айы – жаңарудың, жаңғырудың айы. Адамзат баласы алғаш ғарышқа ұшқан айдың бірінші күні – біршама ерекше. Бірінші сәуір – Күлкі күні. Сондай-ақ бірінші сәуір – Халықаралық құстар күні. Құстарды қорғау мақсатында белгіленген бұл экологиялық күні қанатты достарды қорғауға арналған іс-шаралар өтуге тиіс. Ағаштың басына құс үйшігін іліп қоюдың өзі – қайырымдылық

Ақпарат: https://adebiportal.kz/kz/news/view/birinsi-sauir-turaly__23816