Халық аузында Батыс-1, Батыс-2 аталып жүрген шағын аудан ресми түрде Алтын орда шағын ауданы деп аталды.

Халық аузында Батыс-1, Батыс-2 аталып жүрген шағын аудан  ресми түрде Алтын орда шағын ауданы деп аталды.
Ақтөбе қаласы күн сайын өсіп, дамып келеді. Өңірімізде бірқатар көшелер қазақша атаумен қайта аталып жатса, енді бірі жаңа атқа енді ғана ие болуда. Міне, бүгінде Ақтөбе қаласының Астана ауданындағы 535 га жерді алып жатқан атауы жоқ шағын ауданға жаңа атау берілді (Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен 2023 жылғы 9 маусымдағы №154 қаулысы және облыстық мәслихаттың №32 шешімі бойынша). Осы күнге дейін халық аузында Батыс-1, Батыс-2 аталып жүрген шағын аудан  ресми түрде Алтын орда шағын ауданы деп аталды.
🕌 Алтын орда – қазіргі Қазақстан жеріндегі іргелі мемлекет атауы. Қазақ хандығы осы мемлекеттің мұрагері болды.
Ұлтымыз үшін қастерлі де қасиетті атаудың өңіріміздегі шағын аудан атауына айналуы – біз үшін үлкен қуаныш!