Ғасырлар бойы ауыздан ауызға тарап, көшпелі өмірдің келбетіне айналған, тәрбиенің бастауы болған бата – қазақ салт-дәстүрінің ішінде әлі күнге дейін қолданыста үзіліссіз жалғасып жүрген дәстүрлердің бірі. Осы ретте Әйтеке би ауданында “Тәрбие бастауы ақ бата” атты батагөй ақсақалдардың аудандық байқауы болды. Шарада ауылдық округтерден қатысқан қариялар байқау ережесіне сәйкес өздерін таныстыра отырып шежіреден сыр шертті. Бұл ұйымдастырылған шараның кейінгі ұрпаққа берер тағылымы өте зор. Себебі шарада тәрбиелік мәні бар баталар халық назарына ұсынылды.
Шараның қорытындысы бойынша Қарабұтақ ауылдық округінен келген Науанов Қадырбек ақсақал бас жүлдені иеленіп облыстық байқауға жолдама алды.