Қала тұрғындарынан келіп түскен шағымдарға «Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелерімен «Орталық базар» маңында орналасқан кәсіпкерлік нысандарына және сауда дүңгіршіктеріне Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңның талаптары түсіндіріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.