Ағымдағы жылы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясына - Ахмет Байтұрсынұлының және Новый орта мектеп-лицейіне - Қаныш Сәтбаевтың, №60 мектепке - Дінмұхаммед Қонаевтың есімдері берілді. Сондай-ақ Байғанин ауданында №4 Қарауылкелді орта мектебі - Қажығали Мұханбетқалиұлының есімімен ұлықталса, идеологиялық тұрғыдан ескірген ҚазССР 30 жылдығы және Надежда Крупская есімдерімен аталған мектептерге Ащысай, Шеңгелши атауы қайта берілді.