Күні кеше елімізде Отбасы күні аталып өтілді.

Күні кеше елімізде Отбасы күні аталып өтілді.

Мемлекет - отбасынан басталады.
Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: «Отбасы – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер» дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өз басқару жүйесі әртүрлі болатыны секілді, әр отбасының өз тактикасы, басқару жүйесі болады. Ұрпақтың ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасатыны белгілі. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.

Осындай ұстанымды ұстанған үлгілі отбасылардың бірі - әріптесіміз Қызғалдақ Қожахметқызы отанасы болып отырған Ерсайыновтар әулеті. Бүгінде 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған өнегелі жандар қоғамдағы руханилық пен өнегелілікті нығайтуда ең әуелі ата-ананың жауапкершілігінің маңызды екенін айтады.

Берекесі мол күздің алғашқы айымен бірге жеткен Отбасы күні мерекесі әрбір шаңыраққа шаттық пен құт-береке әкелсін! Әрбір үйде бейбітшілік, жақсылық, қуаныш пен бақыт орнасын!