Былтыр желтоқсан айында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды

Былтыр желтоқсан айында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды

Былтыр желтоқсан айында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заңға енгізілген түзетулер бойынша, көрсеткіштер мен жарнамалық маңдайшаларда, негізінен қазақ тілінде жазылуға тиіс. Бұл талап әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елдімекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да физикалық-географиялық объектілердің мемлекеттік тілдегі дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атауларына қолданылатын болады. Сонымен қатар жарнама, прейскурант, баға белгілері, мәзір, көрсеткіштер және басқа да көрнекі ақпараттарды мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда ғана орыс және басқа тілдерде орналастыру көзделген. Яғни ең бірінші мемлекеттік тілде болуы талап етілген. Мемлекеттік тіл саясатына қатысты жүргізіліп жатқан осы және басқа да мәселелер туралыоблыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Медет Ысқақовпен сұхбаттасқан едік… —Былтыр кәсіпкерлік нысандары мен көшелер бойынша барлығы 733 рейд жүргізіліп, 7347 жарнама мәтіні сараланды. Рейд барысында кәсіпкерлерге тіл туралы заңнама талаптары түсіндірілді. Басқарма қызметкерлері кемшіліктерді түзету бойынша кәсіпкерлергеәдістемелік және аударма жұмыстарына тегін көмек көрсетіп келеді. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде қате рәсімделген 4370 көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіні заң талаптарына сәйкестендірілді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы рейд жұмыстары жалғаса бермек.