Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының тарапынан 2019 жылдан "Ономастика тынысы" журналы шығарылып келеді.

Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының тарапынан 2019 жылдан "Ономастика тынысы" журналы шығарылып келеді.
Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының тарапынан 2019 жылдан "Ономастика тынысы" журналы шығарылып келеді.
Мақсаты:
Идеялық көзқарас бойынша көнерген атауларды тарихи және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту, кісі есімдерін беруге мейлінше шектеу қою, қоғамда патриоттық рухты нығайту мақсатында жекелеген (мерейтойлары аталып өтілетін) және тарихи тұлғалардың есімдерін беру тапсырмалары бойынша алда атқарылар жұмыстарды облыс бойынша ономастика саласын біріздендіру, дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беру, халқымыздың рухы мен ұлттық бітімін танытатын ономастика саласын зерттеуші ғалымдардың ғылыми зерттеулерін жариялау, облыс бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алған атаулармен таныстыру.
Ішкі құрылымы
Редактор бағаны: ономастика саласы бойынша болып жатқан жаңалықтарға шолу, редакция поштасына келген хаттарға, сауалдарға жауап беру;
Ақтөбе қаласының ономастикасы: кеше және бүгін өзгертілген атаулар туралы жариялау;
«Туған жердің тау-тасы тарихтан сыр шертеді»: тарихи топонимика және топонимика, антропономика бойынша ғалымдардың зерттеулері;
Орайлы ұсыныс: облыстағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар беру, Ақтөбе қаласынан және аудандардан елді мекендерді қайта атау, атаусыз құрамдас бөліктерге атау беру, қайта атау бойынша түскен ұсыныстарды жариялау
Оң шешім тапқан атаулар: облыс бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының, облыстық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алған атауларды жариялау.