Ономастика комиссиясының отырысы

Ономастика комиссиясының отырысы

Бүгін облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес комиссия отырысы өткізілді. Комиссияға Қобда Мәртөк, Мұғалжар, Ойыл, Хромтау аудандарынан атаусыз көшелерге атау беру және қайталанған, идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларын қайта атау бойынша түскен ұсыныстар қаралды. Аудан тарапынан ұсынылған Қорқыт ата, Қабанбай батыр, Махамбет Өтемісұлы, Наурызбай батыр, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жамбыл Жабаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Ахмет Жұбанов, Мұқағали Мақатаев, Рақымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы, Қаныш Сәтбаев, Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов, Мұстафа Өзтүрік, Әлке Марғұлан, Роза Бағланова сынды тарихи тұлға атаулары комиссия мүшелері тарапынан қолдау тауып, оң қорытынды берілді.