Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 26.03.21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 26.03.21

25.03.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 54 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 41 (Ақтөбе қаласы – 25, Алға ауданы – 1, Әйтеке би ауданы – 1, Ойыл ауданы – 11, Хромтау ауданы – 1, Шалқар ауданы – 1), симптомсыз – 13 (Ақтөбе қаласы – 9, Қарғалы ауданы – 1, Мәртөк ауданы – 2, Шалқар ауданы – 1). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 1,1% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 4908 жағдай тіркелді, оның ішінде 54,2%-ы ауру белгілерімен (2662) және 45,7%-ы симптомсыз (2246) жағдай. 4435 (90,3%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 3533 жағдай, оның ішінде (1410 симптомсыз), Әйтеке би – 22 (8), Алға – 121 (85), Байғанин – 59 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 21 (14), Қарғалы – 63 (41), Мәртөк – 171 (78), Мұғалжар – 225 (163), Темір – 209 (167), Ойыл – 115 (31), Хромтау – 175 (86), Шалқар ауданы – 140 (80).

Жалпы  тіркелген  4908  науқастың 3,1% (156) сырттан әкелінген, 16,6% (814) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,1% (3938) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 30,3% (1197) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 1104  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.