
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Мемлекеттік қызметкерлердің көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеті мен тіл шеберлігін жетілдіру және медиабелсенділігін одан әрі дамытуға ықпал ету мақсатында "Көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеті және медиабелсенділік" атты тілдік біліктілікті арттыру онлайн шарасы өтті.