«САУАТТЫ ЖАРНАМА – ТІЛ АБЫРОЙЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
Байқаудың мақсаты: Ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінінің сауатты ресімделуіне оң бетбұрыс жасау, осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруге Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Тіл туралы Заң) талаптарының орындалуын қадағалауға атсалысып жүрген азаматтарға қолдау көрсету, ынталандыру жұмыстарын жүргізу.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) заңды мекемелердің жарнама мәтінін әзірлейтін копирайтерлері және мемлекеттік тілге аударма жасайтын мамандары үшін (келісімшарт бойынша және т.б.):
- соңғы 3 жыл (2019-2021 жылдар) ішінде әзірлеген және аударған жарнама мәтіндерінің тізбесін жасап, өткізуі керек;
- қазақ тілінде әзірлеген және қазақ тіліне аударған жарнама мәтіндерінің жарияланған жерлерін (орындарын) дәлелдейтін құжаттарын (БАҚ беттеріндегі жарнамалар, фотосурет, баннер, билборд, сілтеме, скриншот, жергілікті әкімдіктің «келісілді» белгісі бар жарнама үлгілері және т.б.) салу керек.
2) жеке азаматтар үшін:
- тиісті (жергілікті) органдар арқылы жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуын қадағалау, тіл нормасы бұзылып ресімделген жарнамаларды және стильдік қатемен берілген аудио/ бейнежарнамаларды анықтап, түзету жұмыстарына атсалысуы қажет;
- 2021 жылдың қаңтар-қырқүйек айлары аралығында Тіл туралы Заңның талаптарына сәйкестендірілген жарнама материалдарын жинақтап өткізуі қажет (жарнама мәтінінің түзетілгенін растайтын дейін/кейін фотоесеп, ресми құжаттар, таратпа материалдар және басқа да құжаттар);
- әлеуметтік желілерде жарияланған сауатсыз немесе қазақ тіліндегі аудармасы мазмұнына сәйкес келмейтін жарнамаларға ұтымды пікір қалдыру (комментарий), ой салу, жөндеуге үлес қосуы қажет;
- қалдырылған пікірге қатысты жарнама беруші жауап қайтарған жағдайда скриншот немесе сілтемесін ұсынуы қажет .
Бейнежарнамалар бойынша
- жыл бойы стильдік қатемен берілген бейнежарнамаларды (телеарналар арқылы) анықтап, тізбесін (жарнама мәтіні, телеарна атауы, берілген мерзімі) жолдау;
Аудиожарнамалар бойынша
- жыл бойы стильдік қатемен берілген аудиожарнамаларды (радио арқылы) анықтап, тізбесін (жарнама мәтіні, радио атауы, берілген мерзімі) жолдау.
Байқауға қойылатын талаптар:
- республикалық БАҚ-қа, негізгі әлеуметтік желілерге хабарландырулар беру (а.ж. ақпан-тамыз айлары);
- Байқаудың марапаттау рәсіміне орай арнайы бейнеролик әзірлеу;
- бейнероликтерді БАҚ-та жариялау: «Алматы ТV» және жергілікті телеарналарда, әлеуметтік желілерде және т.б.;
- салтанатты марапаттау рәсімін өткізу; жүлде қоры: 1-орынға – 2 жүлде (300 мыңнан), 2-орынға – 2 жүлде (200 мыңнан), 3-орынға – 2 жүлде (100 мыңнан).
Марапаттау рәсімінің өткізілетін уақыты: 2021 жылғы 4-тоқсан