«Латын әліпбиі – тілдің жаңа көкжиегі» тақырыбында онлайн семинар

«Латын әліпбиі – тілдің жаңа көкжиегі» тақырыбында онлайн семинар
Бүгін, 27 қараша, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы және Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі онлайн түрде «Латын әліпбиі – тілдің жаңа көкжиегі» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Онлайн семинардың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудағы 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту факторы ретінде қазақ тілінің мәртебесін асқақтату, тілдерді оқыту саласындағы әріптестік ынтымақтастықты нығайту, латыннегізді қазақ әлиіпбиін насихаттау.
Латын графикасына көшу - бұл біздің дамыған мемлекет болу жолымыздағы тәуелсіз де өркениетті таңдауымыз!