Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік тілдегі жарнаманың сапасын арттыруға бағытталған «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауына қатысуға шақырамыз!
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің жарнама саласындағы қолданысын кеңейту, көрнекі ақпараттың тілдік сапасын арттыру, тіл мәдениетін дамыту және үздік тәжірибелерді насихаттау.

Қатысушылар:
• квазимемлекеттік сектор өкілдері;
• кәсіпкерлік субъектілері;
• тауар өндірушілер;
• жарнамадағы тілдік қателерді анықтап, түзетуге үлес қосқан азаматтар.

Өтінімдер 2026 жылғы 10 тамызға дейін қабылданады.

Өтінімдер мен материалдарды электрондық пошта арқылы қабылдаймыз: samaibaganaev@gmail.com

Байланыс телефоны: +7 (708) 544-0852
Мемлекеттік тілдің мәртебесін бірге көтеріп, сауатты әрі сапалы жарнаманы қолдайық!