
«Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғам кепілі» диалог алаңы
Қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңға құрметпен қарау және жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті әрі жауапкершілігі.
Осы мақсатта өткен «Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғам кепілі» тақырыбындағы диалог алаңында қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жол қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша маңызды ақпарат алды.
Кездесу барысында Ақтөбе қаласы полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының полиция аға лейтенанты Сүйеуов Дулат Ержанұлы мен полиция лейтенанты Жұмабай Дархан Жасұланұлы жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыру бағытында мазмұнды баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын құрметтеуге және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға өз үлесін қосады.
#ЗаңменТәртіп #ҚауіпсізҚоғам #ҚұқықтықМәдениет #ЖолҚауіпсіздігі #ТілдердіОқытуОрталығы #Ақтөбе