Ақтөбе облысында тілдік сауаттылықты арттыру бағытында маңызды жұмыстар атқарылды.

Ақтөбе облысында тілдік сауаттылықты арттыру бағытында маңызды жұмыстар атқарылды.

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының @aqtobe_tilder мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Мәртөк ауданындағы кәсіпкерлік нысандарда орналасқан жарнама, маңдайша, баннерлер мен хабарландыруларда жіберілген орфографиялық, грамматикалық және тілдік қателіктерге мониторинг жүргізілді.
Жоба жетекшісі — @islambolatovkz.

Қандай жұмыстар атқарылды?

  • 38 кәсіпкерлік нысан қамтылды;
  • 51 заңнама талаптарына сәйкес келмейтін көрнекі ақпарат анықталды;
  • 14 бұзушылық сол жерде түзетілді;
  • Қалған бұзушылықтар бойынша заң талаптары түсіндіріліп, түзетуге 1 апта мерзім берілді;
  • Фото және бейнефиксация жасалды;
  • Әдістемелік және құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
  • Аудан аумағында жүйелі жұмыс ұйымдастырылып, кәсіпкерлерге қолдау көрсетілді.

Мақсатымыз — мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және сапалы көрнекі ақпарат кеңістігін қалыптастыру!