🇰🇿 Тіл туралы заңның 21-бабын түсіндіру жұмыстары жүргізілді

🇰🇿 Тіл туралы заңның 21-бабын түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ақтөбе қаласының Алтын Орда шағын ауданы, Тәуелсіздік көшесінде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бабын түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шара барысында кәсіпкерлік нысандар иелеріне көрнекі ақпарат пен жарнамалардың мемлекеттік тілде дұрыс рәсімделуі, мәтіндердің сауатты әрі заң талаптарына сәйкес жазылуы жөнінде түсіндірме берілді.

Түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдық кеңістіктегі қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсетіліп, анықталған кемшіліктерді түзету бойынша ұсынымдар берілді.