Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Әкімшілік сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

◾️Дөңгелек үстел жұмысына осы сот төрағасының міндетін атқарушы Ж.А.Сұлтанова, судьялары, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы М.А.Жанасова, адвокат Л.Д.Умирзакова мен заң консультанттары қатысты.
◾️Судьялар сот процестерінде мемлекеттік тілді қолданудың негізгі ерекшеліктеріне, оның қоғамның құқықтық мәдениетін нығайтудағы рөліне тоқталып, әкімшілік сот ісін жүргізуде туындайтын мәселелерді қозғады. Шараға қатысып отырған адвокаттар мен заң консультанттарына сотқа қазақ тілінде берілетін әкімшілік талап қоюлардың санын арттыру жөнінде ұсыныс айтылды.
◾️Облыстық тіл басқармасының өкілі облыс бойынша қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту бойынша атқарылып жатырған іс-шаралар жөнінде баяндама жасады.
◾️Шара соңында қатысушылар мемлекеттк тілді қолдануды кеңейтудің тиімді жолдарын, азаматтардың мемлекеттік тілде құқықтық көмек алу мүмкіндігін талқылады.