📌 Басқармада жұмыс тобының отырысы өтті

📌 Басқармада жұмыс тобының отырысы өтті
Басқармада жұмыс тобының отырысы өтті
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасында басқарма басшысы А. Қонақбаевтың төрағалығымен қаланың дизайн-кодын қалыптастыру және көрнекі ақпаратты орналастыру талаптарын жүйелеу мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.
Жиынға қала әкімдігі жанынан құрылған жұмыс тобының мүшелері, жер қатынастары саласының өкілдері, қала құрылысы және сәулет бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы, қоғамдық көлік пен аялдамаларға жауапты қызметкерлер, көше инфрақұрылымын реттеуге жауапты мекеме мамандары, сондай-ақ Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өкілдері қатысты.
Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп қағидаты» Жолдауындағы басым бағыттар негізге алынып, салааралық өзара іс-қимылды күшейту, мониторинг және бақылау жұмыстарын жүйелеу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жиын қорытындысында бірлескен іс-қимыл жоспары нақтыланып, атқарылатын жұмыстардың мерзімдері мен жауапты орындаушылары айқындалды.
#ЗаңМенТәртіп
#ӘділеттіҚазақстан
#Ақтөбе
#КөрнекіАқпарат
#ДизайнКод
БірлескенЖұмыс
ЖұмысТобы