
Ұлттық тестілеу орталығы Шет тілдері бойынша емтихан кеңестерінің еуропалық қауымдастығы – ALTE ұйымының толыққанды мүшесі (институционалдық аффилиирленген серіктес) мәртебесін алды. Бұл Қазақстанға тілдік тестілеу саласындағы озық халықаралық тәжірибелер мен заманауи үрдістерден хабардар болуға және оларды ұлттық тілдік бағалау жүйесіне енгізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда сапаның сыртқы кепілі болып саналатын тәуелсіз, оның ішінде халықаралық аккредиттеудің маңызы арта түсуде. «ҚАЗТЕСТ» қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесінің халықаралық аккредиттеуден өтуі оның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, нарықтағы орнын нығайтуға, экономикалық тиімділігін жоғарылатуға және ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Осыған байланысты Ұлттық тестілеу орталығытілдік емтихандарды халықаралық деңгейде аккредиттеуге қажетті құзыретке ие ұйымдарды зерделеп, ALTE ұйымына мүше болу туралы стратегиялық шешім қабылдады.
Ынтымақтастықтың түпкі мақсаты – ALTE ұйымынан халықаралық аккредиттеуден өтіп, Q-mark сапа белгісін алу. Бұл белгі QAZTEST сертификатының казақ тілін меңгеру деңгейінбағалаудың сенімді әрі сапалы құралы ретінде, Cambridge English немесе DELE секілді халықаралық деңгейде танылған сертификаттарменқатар мойындалуына мүмкіндік береді.
Айта кету керек, QAZTEST жүйесі Жалпыеуропалық тілдік құзыреттер шкаласына (CEFR) сәйкес әзірленіп, дамытылып келеді. QAZTEST аясындағы қазақ тілін меңгеру деңгейлері (A1-C1) еуропалық тілдік құзыреттер дескрипторларымен толық үйлеседі, бұл тестілеу нәтижелерінің ашықтығын, салыстырмалылығын және халықаралық деңгейде түсіндірілетіндігін қамтамасыз етеді.