«Көркем тіл – көрікті жарнама» облыстық акциясының қорытындысы өтті

«Көркем тіл – көрікті жарнама» облыстық акциясының қорытындысы өтті
2025 жылдың наурыз–желтоқсан айларында жүзеге асқан «Көркем тіл – көрікті жарнама» облыстық акциясының қорытынды отырысы 12 желтоқсанда сағат 11:00-де «Анаға тағзым» ғимаратында өтті.
Акцияның негізгі мақсаты — 📌 жарнама мен көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде сауатты, талапқа сай рәсімделуін қамтамасыз ету, кәсіпкерлер, мекемелер және тұрғындар арасында 📚 тіл мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік тілдің қоғамдық кеңістіктегі мәртебесін көтеру.
Жыл бойы Ақтөбе қаласы мен 12 ауданда мониторинг жүргізіліп, кәсіпкерлік нысандарында түсіндіру жұмыстары өтті, әдістемелік материалдар таратылды. Қорытынды жиында белсенді қатысушылар марапатталып, атқарылған жұмыстардың нәтижесі талқыланды. 🎖️
#қазақтілі #мемлекеттіктіл #марапаттау #вручение #тілдердідамытубасқармасы