☀️Күншуақтың кішкентай оқырмандары бас қосты.

☀️Күншуақтың кішкентай оқырмандары бас қосты.
⚜️Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен жарық көріп келе жатқан «Күншуақ» журналы биыл да балалардың дүниетанымын кеңейту, тілдік қабілеттерін дамыту мақсатында «Менің мақтанышым» атты шығармашылық байқауын ұйымдастырды.
Байқауға облысымыздың әр өңірінен қала, аудан және ауыл мектептерінің оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері қатысып, өздерінің ата-аналары, ата-әжелері, аға-әпкелері туралы шығармаларын жолдады. Жалпы 18 бала қатысып, шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
📝Қорытынды бойынша үздік деп танылған бүлдіршіндерімізге Алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді. 📚
Барлық қатысушыларды және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!🎉☺️