«25 қазан - бұл тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи белес. 1990 жылы дәл осы күні қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация Қазақстанның тәуелсіздікке апарар алғашқы қадамы болды. Бұл күн – ел тағдырындағы ерекше кезеңді, халқымыздың ерік-жігері мен болашаққа деген нық сенімін білдіреді.
Бүгін біз еліміздің басты нышандарының бірі - Мемлекеттік Туымызды биікке көтере отырып, тәуелсіз Қазақстанның бірлігі мен жарқын болашағын айшықтаймыз. Көк байрағымыз - бейбіт өмірдің, еркіндік пен елдік рухтың символы. Біздің басты мақсатымыз - егемен еліміздің дамуына өз үлесімізді қосып, бірлігімізді нығайту. Көк туымыз әрдайым көкте желбіреп, егемен еліміздің еңсесі биік болсын!», - деді Асхат Шахаров.