
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді ұлт мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – халқымыздың азаттық пен тәуелсіздікке ұмтылған асқақ рухының, мемлекетіміздің іргесін қалаған тарихи сәттің нышаны. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация – еліміздің тәуелсіздікке бастар алғашқы қадамы, жаңа тарихтың бастауы болды.
Бүгінде Қазақстан Республикасы – саяси тұрақтылығы мен экономикалық дамуы қалыптасқан, халықаралық аренада беделі биік мемлекет. Бұл жетістіктердің барлығы – халқымыздың бірлігі мен еңбегінің нәтижесі.
Осы мерейлі күні Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Елімізде тыныштық орнап, Тәуелсіз Қазақстанның туы әрдайым биікте желбірей берсін!