📢 Тілім менің – баға жетпес байлығым

📢 Тілім менің – баға жетпес байлығым
2025 жылғы 10 қыркүйекте Ақтөбе қаласында «Тілім менің – баға жетпес байлығым» атты республикалық семинар-кеңес өтті. Іс-шараны Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды.
🎯 Семинар-кеңестің негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оны қоғамдық өмірдің барлық саласында тұрақты қолдануды қамтамасыз ету, сондай-ақ халық арасында тіл мәдениетін көтеру болды.
💬 Іс-шараға Қазақстан Республикасы Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Асан Эльмира Арсыланқызы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік тілдің қазіргі қоғамдағы маңызы мен болашағына тоқталды.
📚 Семинар барысында қазақ тілін оқытудың заманауи әдістемелері таныстырылып, сауатты жазу мен дұрыс сөйлеудің мәні талқыланды. Сондай-ақ жасанды интеллект 🤖 пен медиа 📺 саласында мемлекеттік тілдің қолданылуы, көрнекі ақпараттағы заң талаптарының сақталуы және сот істерін мемлекеттік тілде жүргізу ⚖️ мәселелері қарастырылды. Бұдан бөлек, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жолдары мен жастардың 👩‍🎓👨‍🎓 тілге деген құрметі мен қызығушылығын арттыру бағыттары сөз болды.
👥 Семинар жұмысына Қазақстанның әр өңірінен келген 70-ке жуық қатысушы – тіл мамандары, заңгерлер, медиа өкілдері және жастар қатысты.
🏅 Шара соңында бірқатар тіл жанашырлары «Ана тілі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен, сондай-ақ Ақтөбе облысы әкімінің және облыстық Тілдерді дамыту басқармасы басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.
✨ Осылайша, «Тілім менің – баға жетпес байлығым» республикалық семинар-кеңесі мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, оның заманауи бағыттарда қолданылуын кеңейтуге және қоғамда тіл мәдениетін дамытуға серпін берген маңызды алаң болды.