🔹«Baqytty Bala – 2025»: Ақтөбе халықаралық өнер додасына дайын

🔹«Baqytty Bala – 2025»: Ақтөбе халықаралық өнер додасына дайын
Ақтөбеде өңірдің брендіне айналған «Baqytty Bala» халықаралық балалар вокалдық фестиваль-байқауы биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылуда. 2018 жылы алғаш рет өткен бұл жоба бүгінде шекара асып, халықаралық деңгейге көтерілді.
🔸Биылғы байқауға Беларусь, Молдова, Татарстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан елдері мен Қазақстанның әр өңірінен 20 талантты жас өнерпаз жолдама алды.
Фестивальдың ашылу рәсімі 21 тамыз күні сағат 11:00-де Өнер орталығында өтеді. Байқау екі кезеңнен тұрады: қатысушылар өз ана тілінде немесе авторлық ән, сондай-ақ әлемдік хит орындайды. Гала-концерт 23 тамызда сағат 16:00-де дәл сол «Өнер орталығы» концерт залында өткізілетін болады.
📌Жас әншілерге шабыт беретін бұл фестиваль – қазақ музыкасы мен мәдениетін халықаралық деңгейде насихаттауға, жас буынды қолдауға бағытталған маңызды шығармашылық алаң.
***