Ақтөбе қаласының Алматы ауданында орналасқан идеологиялық тұрғыдан ескірген Кирпичный көшесіне
ҚР-ның еңбек сіңірген әншісі, халық әртісі Роза Бағланова есімі берілді.
(Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен 2025 жылғы 27 маусымдағы Nº111 қаулысы және облыстық мәслихаттың Nº221 шешімі бойынша).
Роза Тәжібайқызы Бағланова (1 қаңтар 1922 жылы дүниеге келген) – әнші, Қазақстанның және бұрынғы КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы.
Өнер жолын Ташкент қаласындағы филармонияда ән-би ансамблінде әнші болып бастаған.
Сол ансамбльмен 2-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп,
1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі Жеңіс концертіне қатысады.
1947–1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының,
1949–1960 жылдары Қазақ филармониясының,
1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты.
Ол ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал етті.