📚 Мемлекеттік тіл – ұлттың тұғыры 🇰🇿

📚 Мемлекеттік тіл – ұлттың тұғыры 🇰🇿
📚 Мемлекеттік тіл – ұлттың тұғыры 🇰🇿
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Амангелді Қонақбаев ҚР Жазушылар одағының Ақтөбе облыстық филиалының мүшелерімен кездесу өткізді ✍️
📌 Кездесуге облыстық филиал төрайымы Гүлімай Әбішқызы, орынбасары Назарбек Нұрмағамбетов және Қазақстан Жазушылар одағының Ақтөбе облысындағы өкілі Бауыржан Құрманқұлов қатысып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытындағы бірлескен жұмыстар жайлы пікір алмасты 🗣️
🤝 Тараптар төмендегідей бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша уағдаласты:
🔹 Жазушылармен әдеби-танымдық кештер ұйымдастыру
🔹 Мектептер мен кітапханаларда шығармашылық кездесулер өткізу
🔹 Жастар мен оқушылар арасында байқаулар мен ашық сабақтар жүргізу
🔹 Қазақ тілін насихаттайтын ақпараттық жобаларды бірлесе іске асыру
🔹 Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтетін бұқаралық іс-шараларды өткізу
📖 Бұл кездесу – рухани бірлікке бастар маңызды қадам. Әдебиет пен тіл – егіз ұғым. Мемлекеттік тілді насихаттауда қаламгерлердің орны ерекше.
✨ Болашақта мұндай кездесулер тұрақты өткізіліп, шығармашылық қауыммен байланыс одан әрі нығая түседі деп күтілуде.