📍 Ақтөбе облысында кезекті түсіндіру жұмыстары жүргізілді!

📍 Ақтөбе облысында кезекті түсіндіру жұмыстары жүргізілді!
🔍 Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері
Әбілхайыр хан даңғылы мен 101 атқыштар бригадасы көшесі бойындағы кәсіпкерлік нысандарда "Тіл туралы" Заңның 21-бабына сәйкес жоспарлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🗂 Түсіндіру жұмыстары барысында: ▪️ 3 стоматологиялық емхана 🦷
▪️ 2 сауықтыру орталығы 🧖
▪️ 15 кофехана ☕
▪️ 3 ірі сауда орталығы 🛍
▪️ 18 тамақтану орны 🍽
▪️ 2 зергерлік дүкен 💍
▪️ 5 жылдам тамақтану орны 🍔
▪️ 2 ломбард 💰
▪️ 3 кондитерлік дүкен 🍰
Барлығы 53 нысан қамтылды.
⚠️ Нәтижесінде 80-ге жуық қате көрнекі ақпарат анықталды.
📄 Кәсіпкерлерге заң талаптары түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылды. Сонымен қатар әдістемелік көмек көрсетілді.
📢 Мемлекеттік тіл – баршамыздың ортақ құндылығымыз!
✅ Заң талаптарын бірге орындайық!