📣 «ӘЛИЯ – ЕРЛІКТІҢ РУХЫ МӘҢГІЛІК» КВЕСТ ОЙЫНЫ

📣 «ӘЛИЯ – ЕРЛІКТІҢ РУХЫ МӘҢГІЛІК» КВЕСТ ОЙЫНЫ
📣 «ӘЛИЯ – ЕРЛІКТІҢ РУХЫ МӘҢГІЛІК» КВЕСТ ОЙЫНЫ
🗓 2025 жылғы 12 маусым
📍 Ақтөбе қаласы, «Мәңгілік алау» мемориалды кешені
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы мен Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған «ӘЛИЯ – ЕРЛІКТІҢ РУХЫ МӘҢГІЛІК» атты мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор квест ойыны өткізілді.
🎯 Шара мақсаты:
ҚР Тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру;
Қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұлованың ерлік бейнесін жас ұрпаққа үлгі ету;
Мемлекеттік тілді практикалық қолданыс арқылы меңгеруді жетілдіру;
Қатысушылардың тілдік, логикалық, командалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
👥 Қатысушылар:
Квестке Ақтөбе облыстық Тілдерді оқыту орталығының тіл үйренушілерінен құралған 4 команда қатысты:
🔹 М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
🔹 «KEGOC» АҚ
🔹 Ақтөбе облыстық Полиция департаменті
🔹 Төтенше жағдайлар департаменті
🧠 Квест мазмұны:
Квест ойыны бірнеше кезеңнен тұрды. Әрбір тапсырма тіл үйренушілердің білімін, тапқырлығын, шешендігін және тарихи танымын арттыруға бағытталды.
🔸 «Ерлік – елге мұра» – қатысушылар өз ұрандарын, сурет немесе ой-тұжырымдарын жасап, Әлия ерлігін заманауи тілмен жеткізді.
🔸 «Мергендік сайыс» – шар жарып, ішіндегі сұрақтарға жауап беру арқылы тарихи және тілдік білім сыналды.
🔸 «Әлия» – пазл миссиясы – батыр бейнесін құрастыру арқылы ұжымдық ойлау мен байқағыштықты дамытуға ықпал етті.
🔸 «Батырлар аллеясы» – жасырын тапсырманы орындап, бейнеқұттықтау жазу арқылы сөйлеу мәдениетін шыңдады.
🔸 «Финиш» – қатысушылар Әлияға арналған жүрекжарды өлеңдерін оқып, рухани тебіреністі бөлісті.
🏁 Қорытынды бөлімде Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Амангелді Құрманғазыұлы Қонақбаев қатысушыларға алғысын білдіріп, шараның тәрбиелік және тілдік маңызын ерекше атап өтті. Ол барлық командаларға сәттілік тілеп, осындай рухты іс-шаралардың жалғасын табуын тіледі.
🏆 Нәтиже:
Іс-шара соңында барлық қатысушылар марапатталып, естелік суретке түсті. Квест ойыны мемлекеттік тілді тәжірибе арқылы үйретудің тиімді әдісі ретінде танылды.