📲 Цифрлық дәуір – тіл үйретудің жаңа мүмкіндігі!

📲 Цифрлық дәуір – тіл үйретудің жаңа мүмкіндігі!

Басқарма облыс тұрғындарының тіл үйрену сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында бірқатар заманауи жобаларды жүзеге асыруда.

🔹 Тілдерді оқыту курстары тұрақты өтуде.
🔹 Енді тіл үйренгісі келетін, бірақ курсқа бара алмайтындар үшін Telegram-бот іске қосу жоспарда.

Бұл ботта:
✅ Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын тесттер,
✅ Өз бетімен оқуға арналған электронды оқу құралдары,
✅ Кәсіби салаға бейімделген аудармасымен берілген тілшарлар,
✅ Түрлі деңгейге арналған бейнематериалдар орналастырылады.

🎧 Сонымен қатар келер жылға подкаст жобасы жоспарланып отыр – тыңдарманға әлеуметтік, мәдени тақырыптарды қазақ тілінде жеткізу көзделуде.

👧🧒 10 жылдан астам шығып келе жатқан «Күншуақ» балалар журналының мазмұнын кеңейтіп, анимациялық фильм дайындау – басты жоспардың бірі. Бұл – балалардың тілдік дағдысын ерте жастан қалыптастыруға мүмкіндік береді.

📊 Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында:
🔹 Әлеуметтік зерттеулер
🔹 Бейнесабақтар
🔹 Тіл заңнамасына арналған акциялар мен байқаулар жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін болады.

🌐 Тілді цифрлық форматта үйрену – бүгінгі заман талабы. Біз осы бағытта жұмыс істеуді жалғастырамыз!

#АқтөбеТілдері #МемлекеттікТіл #ЦифрлықТіл #ТілОрталығы #TelegramБот #ҚазақТілі #КүншуақЖурналы #Цифрландыру #TilOrtalygy #TilTanym