Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе

Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе
Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе
📍Семей қаласы | 📚Республикалық семинар
Абай облысы, Семей қаласында өткен «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинар аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген сала мамандары бас қосты.
🗣 Семинар жұмысына қатысып, тәжірибе алмасқан спикерлердің қатарында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің басшысы – Әбиева Бақтыгүл Ботайқызы да болды.
Семинар барысында:
✅ ономастика саласындағы өзекті мәселелер,
✅ әкімшілік-аумақтық атауларды жүйелеу,
✅ цифрландыру және навигациялық жүйелердегі атауларды біріздендіру,
✅ өңірлік тәжірибе мен жетістіктер кеңінен талқыланды.
Түстен кейін қатысушылар Абай облысының тарихи-танымдық орындарымен танысып, рухани серпіліс алды.