
Ақтөбе қаласында тіл туралы заңнаманың орындалуы бойынша мерзімді тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту
басқармасының мамандары биылғы жылдың бірінші жартыжылдығына белгіленген тексеру жоспарына сәйкес Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы «Абай ауылдық округі әкімінің аппараты»
ММ-де «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 25-6-бабына сәйкес мерзімді тексеру жүргізді.
Тексеру барысында мекеменің іс қағаздарының жүргізілуі, деректемелер мен көрнекі ақпараттардың орналасуы, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттарының заңнама талаптарына сәйкестігі қаралды.
Анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта олардың қайталануына жол бермеу мақсатында бөлім қызметкерлеріне тиісті ұсынымдар берілді.