САПАЛЫ ЖОЛ - ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ

САПАЛЫ ЖОЛ - ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ

28-ші сәуір күні аудан әкімі А.Жақсылықов облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы А.Қайырмен Темір ауданындағы жұмыс сапары кезінде кездесті.

Басқарма басшысы алдымен өңірде жүргізіліп жатырған жол құрылыстарымен танысып, бірқатар жаңа жобаларды қаржылай қолдау бойынша келісімдер жасалды.

Сонымен қатар мердігерлермен кездесіп, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуі мен ауа райын ескере отырып, бекітілген мерзімде қолданысқа берілуіне аса мән беруді ұсынды.