⚠️Зейнетақы жинақтарыңызды делдалдарға сеніп тапсырмаңыз!

⚠️Зейнетақы жинақтарыңызды делдалдарға сеніп тапсырмаңыз!

Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен онлайн-хабарландыру платформаларында ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын зейнетақы жинақтарын алу бойынша делдалдық қызметтерді төмен пайызбен көрсету туралы ұсыныстар тарап жатыр.
‼️ “БЖЗҚ” АҚ ЕСКЕРТЕДІ:
Зейнетақы жинақтарын алу тек Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде қатаң белгіленген жағдайларда ғана мүмкін:
✔️Зейнет жасына толу
✔️ 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектік
✔️Шетелге тұрақты тұруға кету
✔️Мұрагерлік

🏡Тұрғын үй жағдайын жақсартуға және/немесе емделуге зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқылы азаматтар:
✅ Ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар салымшылар (ТЖШ-дан асатын сома шегінде)
✅Жоғалған табысының кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер (шоттағы жинақтарының 50%-на дейін пайдалана алады)
✅ Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер (жинақтарының 100%-на дейін пайдалана алады)
✅Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшылар (жинақтарының 100%-на дейін пайдалана алады)
💰Маңызды:
🔹Зейнетақы жинақтарын тек екінші деңгейдегі банктер арқылы пайдалануға болады – делдалдық қызметтер қажет емес!
🔹БЖЗҚ ешқандай комиссия немесе ақы алмайды!
🚨Делдалдардың қызметіне жүгіну қандай қауіп төндіреді?
❌ Ақшаңызды жоғалтуыңыз мүмкін
❌Жеке деректеріңізді алаяқтар қолданып кетуі мүмкін
🔎Ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін:
Ресми сайт: www.enpf.kz
Байланыс орталығы: 1418 (WhatsApp: +7 777 000 1418)
Әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар

#БЖЗҚ #ЗейнетақыЖинағы https://t.me/enpfkz/3247