Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң күшіне енді

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң күшіне енді

Ағымдағы жылдың 16 маусымында әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң күшіне енді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңмен бірдей белгілі құжат Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленді. Қазақстан Парламенті бұл заңды ағымдағы жылдың сәуір айында қабылдады.

Мысалға, педофилия және кәмелетке толмаған баланы (14 жасқа толмаған бала) өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру, ал баланы зорлағаны үшін балама жаза қолданылмайды.

Сонымен қатар, 16 жасқа толмаған балаларды жыныстық зорлық-зомбылық (ұсыныс, жанасу) жасағаны және өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін жауапкершілік енгізіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте (бұдан әрі-ӘҚБтК) 127-2-бап «Кәмелетке толмаған баланы қорлау (буллинг, кибербуллинг)» пайда болады.

Бұрын Елімізде мұндай құқық бұзушылықтар үшін жазаланбаған.

Бұдан бөлек, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін (сызаттар, көгерулер немесе дислокациялар) жаза енгізіледі.

Отбасыларындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін тексеру үшін бұқаралық ақпарат құралдарында немесе онлайн платформаларда хабарламалар жеткілікті болады. Бұл жағдайда жәбірленушінің өтініші талап етілмейді.

Егер іс тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты болса, онда сот жәбірленушіні қорғау үшін жәбірленушімен бір үйде/пәтерде тұруға 30 күнге тыйым сала алады. 

Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 108-1 (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) және  109-1 ("Ұрып-соғу") -баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар татуласқаннан кейін бір жылдан кейін қайталап жасалған жағдайларда тараптардың татуласуы алынып тасталады.

         ҚК-тің 108-1-бап.

  1. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру –

         екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

  1. Мынадай:

         1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

         2) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты;

         3) аса қатыгездікпен, сол сияқты кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі не кінәлі адамға материалдық жағынан немесе өзгеше түрде тәуелді адамға қатысты жасалған;

         4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

         5) бұзақылық ниетпен;

         6) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша;

         7) бірнеше рет;

         8) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет –

         бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

         ҚК-тің 109-1-бап. Ұрып-соғу.

  1. Тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау – сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не жиырма бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
  2. Мынадай:

         1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

         2) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты;

         3) кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі не кінәлі адамға материалдық жағынан немесе өзгеше түрде тәуелді адамға қатысты жасалған;

         4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

         5) бұзақылық ниетпен;

         6) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша;

         7) бірнеше рет;

         8) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

         бір жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүзден екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не отыз тәуліктен елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

         Құрметті Темір ауданының азаматтары, аталған Заңға енгізіліп отырған өзгерістер мемлекеттік отбасылық саясаттың құқықтық, әлеуметтік, институционалдық және өзге де негіздерін жетілдіруге, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейтуге, олардың қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге, отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған.

Сіздердің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді қорғау үшін аудан прокуратурасының есігі әрдайым ашық!