ҚҰМСАЙЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСУ

ҚҰМСАЙЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСУ

17-ші сәуір күні аудан әкімі С.Аманбаев Саркөл ауылдық округіндегі жұмыс сапары кезінде Құмсай ауылының тұрғындарымен кездесті.

Аудан әкімімен бірге аудан әкімінің орынбасарлары, Ж.Қойшыбаев, Р.Құдайбергенов, Қ.Нұралы, бөлім және мекеме басшылары барды.

Кездесу барысында су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа тұрғын үй салу үшін әкімдік тарапынан бөлінген жер телімдерін қарастыру, зардап шеккен тұрғындардың жағдайы, оларға көрсетілетін әлеуметтік төлемдер мен көмектер, қалпына келтіру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, аудан басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың өтініштері негізінде материалдық көмек көрсету мен шығындарды өтеу, жаңа үйлер құрылысы заңнама негізінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатындығын атап өтті.

Кездесу соңында тұрғындар тарапынан қойылған барлық сауалдарға тиісті жауаптар берілді.

Сонымен қатар, тұрғындармен кездесу жергілікті спорт кешенінде жалғасып, жеке қабылдау мен қосымша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, аудан әкімі М.Шүйіншалинге аудандық бөлім басшыларымен бірлесе отырып, су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын жандандыруды, өтініштер бойынша жұмыстарды жедел ұйымдастыруды тапсырды.

Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарлары Ж.Қойшыбаев, Р.Құдайбергенов, Қ.Нұралыға жүктелді.