КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қыркүйек айының 11-і күні аудан әкімі С.Аманбаев күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жиынға қатысты.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары Ж.Қойшыбаев, Р.Құдайбергенов, аппарат басшысы А. Сисенов, аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимов, бөлім, мекеме басшылары, аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің басшысы С.Калменов, “ҚазТрансГазАймақ” АҚ Ақтөбе өндірістік филиалы Темір газ учаскесі басшысы Т.Молдашев, “Батыс өңірлік дирекциясы” АҚ Теміржол желіжол цехының басшысы Ж.Қожағұлов, “Энергосистема” ЖШС басшысы Т.Нұрғалиев қатысты

Күн тәртібіндегі:
1. 2023 жылғы 8 айлық көрсеткіш бойынша әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі;
2. Жылыту маусымына дайындық барысы туралы талқыланды.

Аудан әкімі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыру бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырма жүктеді.

Сондай-ақ, алдағы жылыту маусымына дайындықты қатаң бақылауға алуды, жылыту қазандықтарының жай-күйін пысықтауды Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының м.а А.Қожатілеу және “Шұбарқұдық Жылу” КМК басшысы С.Дүйсеновке тапсырды.

Аталған тапсырмалардың уақытылы орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарлары Ж.Қойшыбаев, Р.Құдайбергеновке жүктеді.