АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ БАҚЫЛАУДА

АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ БАҚЫЛАУДА

Маусым айының 6-сы күні аудан әкімі С.Аманбаев Тасқопа ауылындағы асфальт төсеу жұмыстарының барысымен танысты.

Бұл жоба 2022 жылдан бастап жүзеге асырылуда, жобаның құны 1 365197,768 мың теңге, ұзындығы 33 км. Тендерді жеңіп алған мердігер мекеме ЖШС "Мерей и К". Қазіргі уақытта мердігер 11 шақырымға асфальт төсеу жұмыстарын жүргізуде. Нысанды пайдалануға беру мерзімі ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында жоспарлануда.

Осыған дейін Тасқопа ауылының кейбір тұрғындары кей жерлерде жарықшақтардың пайда болуына байланысты осы бағытқа төселген асфальттың сапасына назар аударуды сұрап, аудан әкіміне жазбаша үндеу жолдаған болатын. Мердігер ұйым өкілдерімен кездесуде аудан әкімі Тасқопа ауылына апаратын жолды асфальттау бойынша жоспарланған барлық жұмыстарды сапалы әрі уақытылы аяқтауды және асфальт төсеу кезінде ауыл тұрғындарының ұсыныстарын ескеруді тапсырды.

Сонымен қатар, аудан басшысы орынбасары Ж.Қойшыбаевқа "Сапа орталығының" өкілдерін шақырып, асфальт жабындысының стандартқа сәйкестігіне сынама алуды міндеттеді. Сондай-ақ, мердігер мекеме өкіліне трассадағы жарықшақтар пайда болған жерлерді қайта қалпына келтіруді жүктеді.

Аталған тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаевқа міндеттеді.