"АУЫЛ АМАНАТЫ" ЖОБАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

"АУЫЛ АМАНАТЫ" ЖОБАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Аудан әкімі С.Аманбаев аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан тұрғындарымен кездесіп, "Ауыл аманаты " жобасы бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда Шұбарқұдық кенті бойынша "Ауыл Аманаты" пилоттық жобасы аясында 16,7 млн.теңгені құрайтын 3 жоба "Ақтөбе" ӘКК-не құжат тапсырылды. Оның ішінде құс шаруашылығы бағытында 1 жоба қаржыландырылды, 2 жоба (1 құс шаруашылығы, 1 тігін цехы) "Ақтөбе" ӘКК-мен мақұлданды.

Кездесу барысында қосымша әлеуметтік желі платформасында @temir_akparat парақшасы арқылы тікелей эфир ұйымдастырылды.

Жиында аудан әкімі кент тұрғындарына жоба аясында табысты арттырудың жолдарын, негізгі бағыттары мен алға қойған міндеттерін түсіндіріп, жоба төңірегінде сұрақтар қойылып, тиісті жауабын берді.

Жиын соңында аудан басшысы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің мамандары мен кент әкімі Қ.Нұралыға "Ауыл аманаты" жобасын күн тәртібінен түсірмей, жобаны түсіндіру бағытында жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.