ЕРКІН КҮРЕСТЕН VII ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР

ЕРКІН КҮРЕСТЕН VII ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР

Мамыр айының 26-сы күні аудан әкімі С.Аманбаев еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы Темір ауданына еңбегі сіңген жаттықтырушы Булеков Лұқпан Нәбиұлын еске алуға арналған VII облыстық ашық турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Екі күнге созылатын сайыста 2010-2011, 2012-2013 жылдар арасында көршілес аудандардан келген палуандар белдеседі.

Жарыстың ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі темірлік жаттықтырушы Л.Булековтің еңбек жолы мен жеткен жетістіктері өскелең ұрпаққа үлгі, өнеге екенін айрықша атап, тартысты да таласты додада жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Айқын басымдықпен көзге түсіп, палуандар арасында оза шапқандар арнайы мадақтамамен және медальмен марапатталады.