АУДАН ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Аудан әкімі С. Аманбаев бекітілген кестеге сәйкес әр аптаның бейсенбі күні тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

   

Кезекті қоғамдық қабылдауға аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимов, аудандық мәслихат депутаттары, кент әкімі Қ.Нұралы, бөлім және мекеме басшылары қатысты.

 

Қабылдау кезінде жұмыспен қамту 40%, тұрғын үй мәселесі 20%, грант мәселесі 20%, материалдық көмек 10%, абаттандыру бойынша 10% мәселелер қозғалды.

Аудан әкімі тұрғындардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, айтылған мәселелер тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Аудан әкімі бөлім басшыларына мәселелерді зерделеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды қадап тапсырды.

Өтініштердің уақытылы орындалуын тұрақты бақылау аппарат басшысы А. Сисеновке жүктелді.