ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗЕҢІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ САУЫҚТЫРУ ДЕМАЛЫСЫН, БОС УАҚЫТЫН ЖӘНЕ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТЫЛУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗЕҢІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ САУЫҚТЫРУ ДЕМАЛЫСЫН, БОС УАҚЫТЫН ЖӘНЕ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТЫЛУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Бүгін, 25.05, аудан әкімі С.Аманбаевтың төрағалығымен өткен жиында жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары пысықталды.

Жиынға аппарат басшысы А.Сисенов, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Өсербаев, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Жасақбаева және кент әкімі Қ.Нұралы қатысты.

Ағымдағы жылдың жазғы демалысында сауықтыру бойынша арнайы санаттағы 1-10 сынып арасындағы 687 оқушы қамтылады. Аудан бойынша жалпы білім беру ұйымдары, оның ішінде 4 қосымша білім беру ұйымдары жазғы демалыс кезеңінде балаларды іс-шаралармен барынша қамтуды қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар жүктелгендігі туралы жиын барысында аудандық білім бөлімінің басшысы А.Өсербаев баяндады.

Жиынды қорытындылай келе аудан әкімі жазғы демалыстағы маңыздысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін баса назарда ұстау керектігін тапсырды. Сонымен қатар, аудандық мұражай мен киелі орындарға, кітапханаларға экскурсиялар, сапалы, тәрбиелік мәні зор байқаулар өткізуді, экскурсиялық-танымдық іс-шараларды қарқынды ұйымдастыруды жиынға қатысушы басшыларға міндеттеді.

Аталған тапсырмалардың орындалуын бақылау аппарат басшысы А.Сисеновке жүктеді.