Әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін көтерілмейді!

Әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін көтерілмейді!

       Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойды, ол 2022 жылғы 1 қыркүйектегі ҚР Президенті жолдауында ұсынылған бірқатар әлеуметтік шараларды қамтиды. 

       Соның бірі – әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайтуды тоқтата тұру. Заңға сәйкес, 2023-2028 жылдар аралығында әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгермейді және 61 жасты құрайды. Заң 2023 жылы күшіне енеді.