Заң бұзатын жүргізушіге жаза қатаң

Заң бұзатын жүргізушіге жаза қатаң

         Жол көлік оқиғаларының пайда болу себептері мен жағдайларын талдау және осы себептер мен жағдайларды жою үшін аудан аймағында    жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында, жергілікті атқарушы органдар және аудандық полиция бөлімі қызметкерлермен бірлесе отырып түрлі шаралар қабылдануда.

         Қазіргі таңда аудан орталықтарында, қалаларда көліктердің саны күннен күнге артып келеді.                                                                         

         Жол қозғалыс оқиғасы өздігінен туындамайды. Ол қозғалыс ережелерінің қандай да бір талаптарын сақтамағаннан болатын кесапат.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2022 жылы аудан көлемінде 16 жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс тіркелген,  жол-көлік оқиға нәтижесінде 30 адам дене жарақатын алса (оның ішінде 13-ер, 17-әйел, 5-кәмелетке толмаған ), ал 11 адам қайтыс болған (оның ішінде 6-ер, 5-әйел, 5-кәмелетке толмаған ).      Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осы орайда талай адамның тағдырына зиян еткен жол көлік оқиғасына байланысты құқық бұзуға жаза қатайғаны құптарлық іс.

Аталған өзгерістер мен толықтыруларға сай көліктегі құқық бұзушылықтар бойынша жаза күшейтілгенімін, алайда «темір тұлпар» тізгіндегендердің тәртібі түзелмей, жылдамдықпен ойнған жүргізушілердің желігі басылмай, әр жүргінші өз жауапкершілігін жете түсінбей жағдайдың оңға басуы қиын екені анық.  

Бұл өз кезегінде немқұрайлықпен қараған көлік жүргізушілерінің іс-әрекетімен өз қауіпсіздіктерімен қоса өзге жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді.

Осыған байланысты, Заңға енген өзгерістермен жаза қатайтылғанын біліп жүру әр адамға артық етпейді.

Атап айтар болсақ:

Әкімшілік жауапкершілік бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы 608-бабына сәйкес он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырудан бастап отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және тоғыз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді деп белгіленді.

Одан бөлек, осындай заң бұзушылықтар қайталап жасалған жағдайда Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 346-бабына сәйкес алты айдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан және өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы көзделген.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 345-1-бабы бойынша жүргізуші мас күйінде жол-көлік оқиғасына себепкер болып, азаматтардың денсаулығына зиян келтірген жағдайда алты айдан он жылға бас бостандығынан айыра отырып, он жылдан өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы көзделген.

Елімізде жыл сайын жол-көлік оқиғасына байланысты қаншама адам зардап шегіп, немқұрайлық салдарынан және көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару арқылы қайғылы оқиғалар орын алып жатырғаны бәрімізге мәлім.

         Жол қозғалысы оқиғаларының сандары мен фактілерінде көптеген адамдардың өмірі, тағдыры және денсаулығы тұрады.        

         Сондықтан әр адам көлік басқарар алдында заңда белгіленген талаптарға бағынып, белгіленген мөлшерден жылдамдықты асырмай, жол ережесін сақтаса жол-көлік оқиғаларының алдын алуға болады.                            

 

Темір аудандық прокуратурасы