БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні аудан орталығында БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫ ашылды.

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасарлары Ж. Қойшыбаев және Н. Көшекбаева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г. Махимова қатысты.

Қоғамның дамуы ардагерлерге көрсетілетін қамқорлықпен байқалатындығын және азаматтардың денсаулығын жақсарту, әлеуметтік бағдарланған қоғам құру—мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екендігін атап өткен аудан әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаев орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

Салтанатты жиында орталықтың ашылу салтанатына арналған лентаны қию рәсімі аудан ардагерлері Б. Сәлиманов пен Н. Ілиясовқа ұсынылды.

Аталған рәсімнен кейін аудан әкімінің орынбасары Н. Көшекбаева орталықтың жұмысымен таныстырды.

Айта кетерлігі, бұл орталық - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Ол үшін аудандық бюджеттен – 2 млн 910 мың теңге бөлінді. Мердігер "Аssat" А. Сатенов.