ОҚИҒАНЫҢ СЕБЕПТЕРІ АНЫҚТАЛУДА

ОҚИҒАНЫҢ СЕБЕПТЕРІ АНЫҚТАЛУДА

Бүгін, 7.12, Шұбарши елді мекеніне жұмыс сапары барысында аудан әкімі С.Аманбаев тұрмыстық газ балон жарылған оқиға орнына барды.

Аудан әкімі ауданның құзырлы органдары-аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы С.Қалменовке және Кеңқияқ полиция бөлімшесінің бастығының міндетін атқарушы М.Тайбереновке аталған факті бойынша жан-жақты тексеріс жүргізіп, жарылыс себебін анықтауды тапсырды.

Сөз соңында аудан әкімі ауылдық округ әкімі М.Шүйіншалинге учаскелік полиция инспекторымен бірлесе отырып,зардап шеккендердердің мүлкін ұрлау фактілерінің алдын алу, күзет шараларын ұйымдастыруды және жан-жақты көмек көрсету мақсатында тұрғын үй мәселесін шешуді тапсырды.