ШТАБ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

ШТАБ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін, 7.12, аудан әкімі С. Аманбаев Жақсымай ауылдық округіндегі төтенше жағдайдың себептерін анықтау және жою жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті.

Жиында аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев, аудандық төтенше жағдайлар және энергетика саласының өкілдері жағдайды баяндады.

Белгілі болғандай, облыс орталығынан келген аппттық-қалпына келтіру қызметінің мамандары түні бойы және таңға дейін арнайы техника –өлшеу тепловизоры арқылы 120-дан астам электр бағандарын тексергенімен, ешқандай себеп табылмаған. Алайда, штаб жұмысының соңында 92 бағандағы электр желісінде ақау салдары табылғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Ауылға электр қуатын беруді қалпына келтіру бойынша барлық жұмыстар әдеттегідей қалыпты режимде жүргізілуде, ақаулар жойылды.

Аудан әкімі штаб мүшелеріне ауданның өзге елді мекендерінде осы тәріздес мәселелердің қайталануына жол бермеу және алдын алу мақсатында жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Сонымен қатар, аудан әкімі Жақсымай ауылдық округінің тұрғындарынан электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша уақытша қолайсыздықтар туғызғаны үшін әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрады.