ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ БАСТЫ НАЗАРДА

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ БАСТЫ НАЗАРДА

27.09, аудан әкімі С.Аманбаев Шұбарқұдық кенті Задепо аймағындағы Досжан хазірет мемориалына қарай салынып жатқан өткелді тексерді.

Көктем мезгілінде толассыз жауған қардың тез еруі салдарынан су тасып, төселген құбырлардың диаметрі еріген қар суының көп мөлшерін өткізуді қамтамасыз ете алмағандықтан көпірді су шайып кеткен еді.
Осы жағдайды ескере отырып, қазіргі таңда диаметрі үлкен құбырлар төселуде.

Тексеру аяқталғаннан кейін аудан әкімі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылысты сапалы аяқтауды кент әкімі Қ.Нұралыға тапсырды.